Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шымкентте көмекке мұқтаж 150 отбасғы азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.