Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде.
Шымкентте конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «асқазан-ішектен қан кету. Ауыр дәрежелі деңгей» диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінген. Осы күні науқас «КҚГҚ ықтималжағдай» диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасыныңжансақтау бөлімшесінде «КҚГҚ расталған жағдайы, ауыр дәрежелі деңгейде» диагнозымен ем алуда.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды.