Шымкентте көп балалы отбасыларға көмек көрсетті

0
2 116

Көп балалы отбасыларына алдағы оқу маусымына көмек ретінде мектепке керекті жабдықтарды табыстады


Шымкентте көп балалы отбасыларға көмек көрсетті

ERNUR.KZ. Қаратау ауданы әкімдігі мен кәсіпкерлер көп балалы отбасылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы әкімдігі және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен аудандағы көп балалы отбасылармен кездесу өтті. Аталған кездесу барысында ауданның көп балалы отбасыларына алдағы оқу маусымына көмек ретінде мектепке керекті жабдықтарды табыстады.

Сондай-ақ, кездесу соңында Қаратау ауданы әкімі – Исамидин Мұхитдинұлы аудандағы кәсіпкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.