Шымкентте көпбалалы ана өз кәсібін ашып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр

0
2 369

31 жастағы келіншек “Даму” қоры арқылы 6 миллион теңге несие алған.


Шымкентте көпбалалы ана өз кәсібін ашып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр

Шымкентте 5 баланың анасы Динара Балғабекова “Еңбек” бағдарламасы аясында өз кәсібін ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

31 жастағы келіншек “Даму” қоры арқылы 6 миллион теңге несие алып өз орталығын ашқан. Кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жеке кәсібімді ашу көптен бергі арманым еді. Сол арманым жүзеге асып, бүгінде отбасымды және өзге де азаматтарды табыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін алдым. Алдағы уақытта қосымша дүкен ашып, кәсібімді кеңейту жоспарым бар. Мемлекет тарапынан көпбалалы және табысы төмен отбасыларына көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығымды білдіремін, - дейді Д. Балғабекова.

Мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарының бірі - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Жұмыссыз жүрген азаматтар сұранысқа сай мамандықты игеріп қана қоймай, төмен пайызды мөлшерлемемен шағын несиелер алып, жаңа бизнес идеяларын іске асыра алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, үшінші мегаполисте былтыр аталған бағдарламамен 74 адам шағын несие алса, 4800-ден астам азамат қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Ал, "Бастау бизнес" жобасы бойынша 2820 адам білім алған.