Шымкентте көпбалалы аналар мамандардан кеңес алды

0
376

Әр адамның мәселесі бойынша жеке кеңес берілді.


Шымкентте көпбалалы аналар мамандардан кеңес алды

Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» орталығында Абай ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бойынша бөлімнің маманы Пернекулова Венера көпбалалы, мұқтаж аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында өзекті мәселелер қозғалды, келген азаматтар өз қиындықтарымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырудың қиындықтары, кейбір отбасылардың атаулы әлеуметтік көмектері тоқтап қалғаны, үй кезегіне тұру мәселелері қозғалды.


Әр адамның мәселесі бойынша жеке кеңес беріліп, жұмыссыз ретінде тіркелу, мектепке жұмысқа орналасу бойынша Орталық тарапынан бағыт-бағдар көрсетіліп, арнайы сайттарға тіркелу бойынша көмек берілді.