Шымкентте көпбалалы аналар тігін курстарына қатысып жатыр

0
463

Курс 45 күнге созылады.


Шымкентте көпбалалы аналар тігін курстарына қатысып жатыр

Шымкент қаласында көпбалалы аналар 45 күндік тігін курсын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара "SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде көпбалалы аналарға қолдау ретінде 45 күндік тігіншілік курсын бастады. Бір топқа 15 ана жазылып, бүгін 9 тамыз күні алғашы сабақ басталып кетті.

Курс сабақтары аптасына 3 күн 3 сағаттан Әл-Фараби алаңы, 3/2 ғимаратта өтеді. Курсқа толық қатысып, оқып шыққан аналарға арнайы сертификат табысталып, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, "SHANYRAQ" орталығының мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға қатыстырып, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру.