Шымкентте көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

0
55

Салтанатты рәсім барысында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді.


 Шымкентте көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Шымкент қаласының көпбалалы аналарына құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мегаполистің аналарына мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Салтанатты жағдайға орай қаланың барлық ауданында алқалы жиындар ұйымдастырылып, жалпы 49 анаға «Алтын алқа», ал 142 анаға «Күміс алқа» табысталды.
Салтанатты рәсім барысында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді.
Бұл марапаттар – аналардың ұлт болашағы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегіне, қоғамдағы айрықша орны мен парасатына көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.
Мемлекеттік марапаттар туралы мәліметті аудан әкімдіктерінен анықтап, тиісті құжаттарды тапсыруға болады.
Бөлісу