Шымкентте коронавирус жұқтырған 28 жағдай тіркелді

0
2 365

Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 224 науқас ем қабылдауда.


Шымкентте коронавирус жұқтырған 28 жағдай тіркелді

Шымкентте өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 28 жағдай анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 17 наурызға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6417 жағдайы тіркелген. Оның 3282-і симптомды болса, 3135-і симптомсыз. Нәтижесінде 5643 адам емделіп шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 836-сы бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 224 науқас ем қабылдауда.
Ескерте кетейік, қала тұрғындары карантин уақытында сақтық шараларын қатаң ұстанғаны абзал. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүргені дұрыс.