Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар саны 150-ге жетті

0
910

Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты.


Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандар саны 150-ге жетті

Шымкентте бүгін коронавирус инфекциясынан 150-ші науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дертінен сауыққан азаматша 2007 жылғы қала тұрғыны. 15 жастағы бойжеткен екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, ауруынан сауығып бүгін ауруханадан үйіне шығарылды.

Соңғы екі тәуліктің ішінде Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан 20 науқас емделіп шықты. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың арасында 90 жастағы әжей бар.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 150 науқас дертінен айығып шықты.