ERNUR.KZ. Шымкентте "ЛТД-Тұрмыс" қызметкері мерт болды.
Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні таңғы уақытта орын алды. Көшені реттеп жатқан әйел адамды №69 бағыттағы автобус қағып кеткен.
Қайтыс болған әйел азаматының жасы шамамен 40-та. Алдын ала болжам бойынша бұл жазатайым оқиға. Енді оқиғаның мән-жайын қалалық Полиция департамендегілер анықтайтын болады.
дереккөз: elitar.kz