Шымкентте көшеден жас жігіттің өлі денесі табылды

0
771

2005 жылы туылған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Шымкентте көшеден жас жігіттің өлі денесі табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысында 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 2005 жылы туылған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.