Нәтижесінде 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 21 дауыс, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 22 дауыс жинады.
Бүгін Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында Шымкент қаласынан Парламент Сенаты депутаттарын сайлау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сайлау науқанына қалалық мəслихаттың 26 депутаты дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды жəне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаровтың кандидатурасына қатысты дауыс берілді.
Нәтижесінде 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 21 дауыс, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 22 дауыс жинады. Сайлауда барлық заң рәсімдері сақталды.