Бұған дейін дюздошы Әбиба Әбужақынова да ақтық айқаста сүрінген еді.
Фото: olympic.kz
ERNUR.KZ. Өкініштісі сол, қазақстандық қос спортшы – Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова да Жапония құрамасының бір отбасыдан шыққан өкілдері Хаято және Мицуки Кондоға есе жіберді, деп жазады inbusiness.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Елдос Сметов финалға дейін үш белдесуде қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Харимнен, ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайваннан басым түсті.
Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы Ян Юнвэйді жеңіп, алтын үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Финалда оның қарсыласы 24 жастағы Хаято Кондо болды. Жапониялық дзюдошы Азия ойындары алдында 60 келідегі бірінші нөмірлі спортшы болған. Ол соңғы екі маусымда Циндао Grand Prix мен Tokyo Grand Slam секілді ірі турнирлерде жеңіске жетіп, Азия ойындарына жоғары дайындықпен келген. Сметовтің алтын жолындағы негізгі қарсыластарының бірі ретінде саналған Кондо финалда өз айласын асыра білді.
Жаза кетейік, Елдос Сметов – елдегі 3 мәрте Олимпиада жүлдесін иеленген санаулы спортшының бірі. Ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс жүлдемен күптелсе, Токиода қоланы қанағат тұтты. Ал Парижде алтын жүлде иегері атанған еді.


