​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ»

0
116

Қалада эко сананы қалыптастыруда мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда.


​«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ»

Қоғамда экологиялық сауаттылықты арттыру, ақпараттық түсіндіру іс-шараларының маңызы зор. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде экологиялық арнайы сабақтар өткізу жоспарға қойылған.

Бүгін №140 жалпы орта мектебінде «Таза Қазақстан – таза болашақ»тақырыбында экологиялық сабақ ұйымдастырылып, оқушылар таным көкжиегін кеңейтті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Бейсенбайқызының айтуынша, білім ордасында экологиялық танымды қалыптастыруға бағытталған арнайы ашық сабақтар тұрақты өтіп жатыр. Бүгін таңғы ауысымдағы барлық сыныптарда ауаның, судың ластануын тазарту тақырыбында өткізілген арнайы экосабақтарда оқушылар белсенділік танытты.
Сонымен қатар, оқушылар қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу сынды тәжірибелік жұмыстарын, экологиялық жобаларын көрсетті. Бұл бағытта мектепте арнайы үйірме де жұмыс істейді.
Жалпы, қалада эко сананы қалыптастыруда мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы экологиялық семинар, тренингтер, ашық сабақтар және эко экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылуда. Жалпықалалық сенбіліктерде де тұрғындар тазалыққа үлес қосып, өзінің тұрғылықты жерін таза ұстауға дағдыланып келеді.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты да осы – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Мұндай арнайы сабақтар оқушылардың табиғатты қорғауға деген ынтасын оятады.
Бөлісу