Шымкентте құлақтандыру жүйесі іске қосылады

0
739

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте құлақтандыру жүйесі іске қосылады

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында 2023 жылғы 1 наурызда сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру барысында Шымкент қаласының құлақтандыру жүйесі іске қосылады.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
• радио және теледидарды қосыңыз;
• шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
• көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
• берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!»дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз”, - делінген баспасөз хабарламасында.