Шымкентте құрылыс сапасы бақылауда: орын алған заңсыздықтар үшін айыппұл салынды

0
126

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы заңсыз құрылыс объектілері бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған.


Шымкентте құрылыс сапасы бақылауда: орын алған заңсыздықтар үшін айыппұл салынды

Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқан.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы - Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы баяндады.

Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қатысты 781 өтініш қаралды, оның 189-ы оң шешім тапты. Сонымен қатар, басқарма жыл басынан бері 130 нысанда тексеру жүргізді, нәтижесінде 96 нысанға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Басқарма заңсыз құрылыстарды бақылауды күшейтіп, 205 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 51,9 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Қазірге дейін 37,6 млн теңгесі өндірілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы заңсыз құрылыс объектілері бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған.
Құрылыс сапасына қатысты да 19 нысан бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар өндірілген. Сонымен қатар, үлестік қатысу заңнамасын бұзған 9 тұрғын үй кешеніне де айыппұл салынған.
Шымкент қаласының билігі құрылыс саласындағы тәртіпті нығайтуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда. Шымкент қаласының билігі құрылыс саласындағы тәртіпті нығайту және заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл шаралар құрылыс ережелерін қатаң сақтау, лицензиясыз қызметтерді болдырмау және сапасыз құрылысқа жол бермеу мақсатында жүзеге асырылуда. Қаланың инфрақұрылымын дұрыс дамыту үшін тексерістер мен қадағалау күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және сапалы құрылыс объектілерін қамтамасыз ету көзделген.
Бөлісу