Шымкентте құрылыс сапасын бақылау мақсатында нысандарға камера орнатылған

0
746

Әр нысанға кемінде 3 техникалық қадағалаушы бекітілген.


Шымкентте құрылыс сапасын бақылау мақсатында нысандарға камера орнатылған

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының тапсырысымен биыл 74 нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 41 көпқабатты тұрғын үй, 13 инженерлік-инфрақұрылым нысандары, 11 білім және 9 әлеуметтік нысан. Құрылыс кезінде сапа бойынша кемшіліктер орын алмас үшін жауапты техникалық қадағалаушы эксперттермен күнделікті бекітілген нысанға барып кестеге сәйкес қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев тікелей эфир барысында баяндап, тұрғындардан келіп түскен 20 шақты сұраққа жауап берді.
Ол атқарылған жұмыстардың сапасын зерделеу үшін зертханалық сынақтар талап етілетінін және әр нысанға кемінде 3 техникалық қадағалаушы бекітілгенін, нысандарға бейнебақылау камералар орнатылып, онлайн режимде бақылануда екенін айтты.
Құрылыс жұмыстарының мерзімінен кешігуі, сапаның ауытқуы, құрылыс жұмыстарының ұйымдастыру деңгейінің төмендігі және техникалық құжаттардың сапасыз жүргізілгені үшін айыппұл салынады. Мәселен, осындай кемшілік үшін биылғы жылдың 3 айында 23 нысан бойынша жалпы 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы бақылау басқармасы тарапынан 6 млн. теңге айыппұл салынып, 11 нысанның техникалық қадағалушыларының аттестаттары 6 айға тоқтатылды. Ал, 16 нысанның мердігерімен келісімшартты бұзу жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нысан бойынша 8 нысанның мердігер мекемелері мен техникалық қадағаушыларына жұмыс кестесінен кешіккені үшін және сапасыз орындалған жұмыс бойынша 11 млн.теңге айыппұл шаралары ұсынылған.