​Шымкентте құзырлы органдар тарапынан кедергі жасауға жол берілген

0
1 400

Қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайтумақсатында Агенттік бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.


​Шымкентте құзырлы органдар тарапынан кедергі жасауға жол берілген

Аталған жоба аясында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «Tumar Textile» ЖШС арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қол қойылған құжат Департаменттің араласуымен "Tumar Textile" ЖШС-нің мәселесін тез арада шешуге септігін тигізді.

Нақтырақ айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Tumar Textile» ЖШС-нің жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын 10 жыл мерзімге ұзарту бойынша құзырлы мемлекеттік органға жүгінген болатын.

Алайда,құзырлы органдар тарапынан әкімшілік кедергілер жасалып, белгісіз себептермен созбалаңға салынған.

Орын алған жағдайды қарау барысында Департамент ҚР заңнамасына сәйкес аталған мәселені шешу бойынша шаралар қабылдады. "Tumar Textile" ЖШС директоры О.Орманов Департамент жұмысының жеделдігі мен нәтижелілігін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

Сонымен қатар, О.Орманов бұл жоба адал бизнесті жүргізуге қолайлы жоба екендігін жеткізіп, елімізге капитал тартуға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кету керек, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.