Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2500-ден астам азамат жолданды

0
301

Оқуға жолданған азаматтарға ай сайын шәкіртақы қарастырылған.


Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2500-ден астам азамат жолданды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2500-ден астам азамат жолданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқыту курстарына жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген 18 жастан асқан және зейнет жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
Ал, студенттер қатыстырылмайды. Оқуын тәмамдаған азаматтарға біліктілік куәліктері беріледі. Сол құжат арқылы азамат мемлекеттік грантқа және жылдық пайызы 6% -дан аспайтын шағын несиеге құжат өткізе алады.
Қалада биыл оқыту курстарына 2500-ден астам азамат жолданды. Оқу мерзімі - 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе). Оқуға жолданған азаматтарға ай сайын шәкіртақы қарастырылған.
Айта кетсек, өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өткен. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданып, 1990 азамат оқуын бітіріп, куәліктерін алды. Нәтижесінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан кейін 1590 адам жұмыспен қамтылды.