Кәсіпорынға 208 миллион теңге инвестиция тартылды.
Қазір құрылыс-монтаждау бойынша зауыттың 85% құрылыс жұмыстары орындалған. Медициналық жабдықтар, соның ішінде керуерт пен шкаф жиһаздарын шығаратын зауыт «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан.
Айта кетейік, соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 миллиард теңгеден 613 миллиард теңгеге жетті. Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр.
Жаңадан құрылатын аумақтардың 2-еуі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, қалғаны жаңадан құрылатын алаңдар. 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асады. Аталған аймақта инвестициялық құны 147 миллиард теңге құрайтын 42 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.