​Шымкентте мектеп мұғалімі аялдамада түнеп жүр

0
2 309

Аялдаманың Елена Донцованың тұрақты мекеніне айналғанына бір айдан асқан. 53 жастағы келіншек барар жер, басар тауы қалмаған соң, осы жерге тұрақтапты. Айтуынша, өзі ұстаз болған көрінеді. Тарих пәнінен оқушыларға сабақ беріпті. Біріңғай ұлттық тестке бірқатар бітіруші түлекті дайындапты. Ендігі отырысы мынау.


​Шымкентте мектеп мұғалімі аялдамада түнеп жүр

ERNUR.KZ. Барар жер басар тауы қалмаған ұлағатты ұстаз амалсыз осындай күйге түскен. Тіпті, былтыр қатты аязда бір аяғы үсіп қалып, дәрігерлер саусақтарын кесіп тастапты. Үй-күйсіз жүрген жан туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Комсомолдан бастап, ұстаздыққа дейін еңбек еттім. Шымкенттегі бірқатар мектепте мұғалім болдым», - дейді тұрақты мекенжайы жоқ Елена Донцова.

Кезінде мектепте әжептәуір абыройы болған ұстаз бірте бірте спиртті ішімдікке әуестеніпті. Кейін қатты салынып кеткені соншалықты жұмыстан қуылған. Ол аз болғандай, келіншектен жолдасы мен қызы да бас тартқан. Далада қалған соң Шымкенттегі әлеуметтік бейімдеу орталығына барып тұрады. Қазір, ол үшінші күн осында түнеп жүр. Ыстық тамақ пен жатын орынға тез бейімделгені соншалықты әзірге ешқайда кеткісі жоқ. Алдағы қысты ескерді ме, осында қала тұруды қалап отыр. Себебі, былтыр қатты аязда бір аяғы үсіп қалып, дәрігерлер саусақтарын кесіп тастапты. Ал, орталық мамандары болса, оның дәрігерлік тексеруден өткізіп, жеке басын анықтап жатыр екен.

«Құжатын қалпына келтірген соң жаңағы денсаулығына қарап, мүгедектікке шығару немесе қарттар үйіне жолдау, дәрігерлік көмек керек болса, ауруханаға өткізу біздің міндетіміз болып саналады», - дейді уақытша бейімдеу орталығы басшысының орынбасары Сәуен Жанысбаев.

Елена Донцова қаланың шеткі аудандарының бірінде тұрған екен. Көршілері оны теріс жағынан сипаттап берді. Күйеуімен ажырасып, аналық құқығынан да айырылыпты. Бәріне ішкілік себеп, дейді.

«Ол пәтерді жын-ойнаққа айналдырып жіберді. Күнде той, кез келген уақытта ішімдік ішіп жүрді. Тіпті, есірткі пайдаланды деп те естідік. Сондықтан, оны ешкім қабылдай алмайды», - дейді көршісі Валентина Дяченко.

53 жастағы келіншек үйдің 1-қабатында тұрған. Бірақ, қазір көршілері одан азар да безер болып қашып отыр. Себебі, жұмыстан шығып қалған бұрынғы мұғалім осы маңдағы ішімдікке әуес бөтелкелестерін жиып алып, пәтерді жын-ойнаққа айналдырып жіберген екен. Оның осы әдетін естіп білген күйеуі ақыр соңында үйден қуып жіберсе керек. Сөйтіп, пәтерді қызының атына рәсімдеген. Міне, соңғы екі жылдан бері пәтер қаңырап бос тұр.


Осы күні бұрынғы ұстаздың құжаттары рәсімделіп жатыр. Дайын болған соң, қайда орналасатыны белгілі болады. Оған дейін, уақытша бейімдеу орталығында қала бермекші.