Жаңа жүйе арқылы 10 мектеп салынады.
Шымкент қаласында жаңа оқу жылынан бастап жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жүйе жаңа мектеп құрылыстарын салуға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Тиісінше, алдағы үш жылда жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы 10 мектеп құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады.
Айта кетейік, 2019 жылдың өзінде үшінші мегаполисте 5 мың орындық 11 жекеменшік мектеп ашылса, бюджет есебінен 5 700 орынға арналған 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 5 білім ошағы пайдалануға берілген. Нәтижесінде, үш ауысымды 4 мектептің мәселесі шешілген.
Бұл туралы бас қалада өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов айтты.
иллюстрациялық фото: shymkenttv.kz