Е.АЙТАХАНОВ: «Қала бюджеттің 70 %-ы шалғайдағы елдімекендердің инфрақұрылымына бөлінеді»

0
1 091

112 шақырым топырақ жолдар мәселесі шешімін табады.


Е.АЙТАХАНОВ: «Қала бюджеттің 70 %-ы шалғайдағы елдімекендердің инфрақұрылымына бөлінеді»

Шымкент қаласының 2020 жылғы бюджетінің 70 %-ы қаладан шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бөлінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы «Қазақ радиосына» берген сұхбатында айтты.

«Шымкент мегаполис болған кезде Түркістан облысының 41 елдімекені қала аумағына кірген. Ол жерлердің инфрақұрылымы төмен. Тіпті суды тасып ішетін ауылдар да бар. Кейбіріндегі жолдар топырақ болып жатыр. Сондықтан 2020 жылғы қала бюджетінің 70 %-ы қаладан шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бөлінеді», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, Шымкент әкімі сұхбат барысында білім беру және ауылшаруашылық саласына көп көңіл бөлінетінін жеткізді. Атап айтсақ 2020 жылы 8 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 112 шақырым топырақ жолдар мәселесі шешімін табады.