Жол карта аясында – 98 жас буын жұмысқа жолданған.
Шымкент қаласында 10 215 жас жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы М. Шотанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, есепті кезең бойынша 10 215 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде уақытша жұмыс – 4 362, бос жұмыс орындарға –3 315, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға –1 132, кәсіптік оқуға –1 094, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде – 214, Жол карта аясында – 98 жас буын жұмысқа жолданған.
Бүгінде қалада жұмыс істеу мен ізденуге ниеті жоқ, яғни NEET бағытында жастар 7,3 (16 207) пайызды құрайды. Жыл соңына дейін көрсеткішті төмендету үшін 1 332 жаспен жұмыс жүргізу көзделіп отыр.