Шымкентте оқушылар мен студенттер үшін «TOLEM» картасын алу мерзімі тағы бір айға созылды

0
3 245

1 наурыздан бастап 100 теңге төлеуі керек болатын.


Шымкентте оқушылар мен студенттер үшін «TOLEM» картасын алу мерзімі тағы бір айға созылды

Шымкентте сәуір айынан бастап оқушылар мен студенттер «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 100 теңге төлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифтің енуіне орай 1 наурыздан бастап оқушылар мен студенттердің өз тарифтеріне байланысты «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 35/50 теңге орнына 100 теңге төлеуі керек болатын.
Дегенмен, қазіргі таңда «TOLEM» картасын алған және алуға өтініш білдірген тұрғындар санының төмен болуына орай қолма-қол төлемнің өзгерісін 1 сәуірге дейін созу туралы шешім қабылданды. Сонымен, 1 сәуірден бастап, оқушылар мен студенттерде «TOLEM» картасы болмаған жағдайда қолма-қол төлем 100 теңге болып белгіленді.
Айта өтсек, қаламызда 220 мың оқушы, 100 мыңға жуық студент бар. Бүгінде орта есеппен олардың 10 пайызы ғана «TOLEM» картасына өтініш білдіріп, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.