​Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті

0
777


​Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті

Полиция күніне орай мегаполисте 100-ден астам тәртіп сақшылары марапатталды.

Бүгін қалалық полиция департаментінің плацында Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге жүздеген погондылар жиналды. Іс-шараға мегаполис әкімінің орынбасары Айдын Каримов қатысты. Өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды.
Шара заң бұзушылықтарға қарсы күресте өз өмірін қиған сақшыларға арналған Обелисктің ашылуымен басталды. Генералдар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Департамент бастығы Думан Таев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттады. 100-ден астам құқық қорғаушыға ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы полиция департаментінің арнайы марапаттары табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Сонымен қатар, Қазақстан полициясы күніне орай қаланың үш мектебінде кадет сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді. №90, 89 және 135 мектептердің 75 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айдын Каримов пен полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.
Олар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді қалыптастыруға шақырды.

Айта кетейік, қала мектептерінде кадет сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді.

Бөлісу