Шымкентте пробация есебіндегі жастармен кездесу өтті

0
452

Қоғамға қайта бейімдеу мен жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар беру бойынша тұрақты түрде бірлескен шаралар атқарып келеді.


Шымкентте пробация есебіндегі жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ депатартаментінде пробация есебінде тұратын жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша кездесу ұйымдастырылды.


Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы белгілі сала мамандарымен бірлесе отыра, әр түрлі жағдайлармен қателікке жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларды қоғамнан шеттетпей, оларды барынша қоғамға қайта бейімдеу мен жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар беру бойынша тұрақты түрде бірлескен шаралар атқарып келеді.


Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД ПҚБ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Айбек Танирбергенов, Қаратау ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ұланбек Аман, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі аға лейтенант Әділет Асқаров қатысты.


Жиын барысында спикерлер жастарға жүзеге асырылып жатқан, тегін қысқа мерзімді оқыту мен құқықтық сауаттылық жөнінде кеңестер берді.
Бөлісу