Қала әкімі Ресей тарапын әлеуетті инвестициялық жобаларды қарастыруға және іске асыруда қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ресей Федерациясының Қазақстандағы сауда өкілі Антон Логиновпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция бағытындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары да қарастырылды.