Шымкентте сайлау күні жолаушылар автобустарда тегін жүреді

0
777

Тұрғындар тек сайлау учаскелеріне ғана емес, қаланың кез келген жеріне тегін барып-келуіне болады.


Шымкентте сайлау күні жолаушылар автобустарда тегін жүреді

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін 20 қараша күні Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолаушылар тегін жүреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келісім бойынша сайлау күні 10 компанияға тиесілі 873 автобус 78 бағыт бойынша қатынап, жолаушыларды тегін тасымалдайды. Яғни, бұл күні тұрғындар тек сайлау учаскелеріне ғана емес, қаланың кез келген жеріне тегін барып-келуіне болады.