Шымкентте «SANALY URPAQ» клубтарының қалалық слеті өтті

0
431

Колледж студенттерінен құралған 38 «Sanaly urpaq» клубтары бар.


Шымкентте «SANALY URPAQ» клубтарының қалалық слеті өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Sanaly urpaq» клубтарының слеті Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде салтанатты іс-шарамен қорытындылады.

Салтанатты іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре, қалалық Білім басқармасының басшы орынбасары м.а Сауытов Тұрар, қалалық мәслихат депутаттары Балтабаев Талғат, Наимбекова Айжан және колледж студенттері қатысты.
Слеттің мақсаты - жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жас ұрпақтың таланттарын тиімді пайдаланып білім жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың нығайтылуына ықпал ету. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру және дамыту. Жемқорлықпен күресу – қоғамның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті екені жастардың патриоттық сезімін арттыру болып табылады.
Қаладғы жалпы колледж студенттерінен құралған 38 «Sanaly urpaq» клубтары бар. 2023 жылдың қазан айының 23-27 күндері аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 5 секцияға бөлінген арнайы іс-шаралар өтті.
Бөлісу