​“Шымкентте соңғы қоңырау болмайды” - жалған ақпарат

0
2 284

Бұл ақпаратқа қатысты қалалық білім басқармасының басшысы пікір білдірді.


​“Шымкентте соңғы қоңырау болмайды” - жалған ақпарат

Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы соңғы қоңырауға байланысты әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жанат Арысбекқызының сөзінше, қала тұрғындарының арасында соңғы қоңыраудың өтуіне байланысты қызу пікірталас тудырған ақпарат жалған көрінеді. Яғни басқарма тарапынан бұл оқиғаға қатысты қандай-да бір ресми ақпарат таратылмаған.


Осы тұста қалалық білім басқармасының басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы қоңырауға байланысты өз пікірін қалдырған.

Ол биылғы оқу жылының аяқталуы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келіп тұрғанын айтқан.

Сондай-ақ, 31 мамыр күні мектеп қабырғаларында оқушыларға түрлі деңгейде патриоттық тәрбие сағаттары өткізіліп, 1 -маусым “Балаларды қорғау” күні білім ордаларында жалпы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылатынын жариялаған.


Одан бөлек, соңғы қоңырауға байланысты түрлі арыз-шағымдар түсіп жатқанын айтқан.

“Соңғы қоңырау - деген сөздің өзі бүгінде құлаққа түрпідей естіледі. Неге соңғы? Өмір жолына алғаш қадам басу күні болар….

Сондықтан да мектеп бітірушілер үшін мереке салтанатты түрде маусымның

20-ларына оқушылар емтихантарын аяқтаған соң аттестаттарын қолдарына құрметпен ұсына отырып, МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН өткізген дұрыс емес пе?

Басқарма басшысы болғандықтан көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. 31-мамыр соңғы қоңырау деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын шарларға , ақылы вертолеттерге тіпті котедждерге дейін тапсырыс беріп қойған ата-аналар кездесуде. Оны қалай түсінуге болады? Барлығы баламыздың көңілі үшін дейді. Ол қандай көңіл? Ал бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Апат айтып келмейді, “Сақтансаң сақ болсарсың” - деген сөз бар емес пе?”, - делінген жазбада.


Жанат Тәжиева бітіруші түлектердің қауіпсіздігіне байланысты да өз пікірін білдірген.

Соңғы қоңырау күндері қаншама мектеп бітірушілер жол апатына ұшырап, таудан құлап мерт болған жоқ па?

Ол да сабақ болар уақыт жеткен сияқты…”, - деп жазады.


Сонымен қатар, сыйлық мәселесіне де қатысты ойын жазған.

Мектеп бітірушілерден мектепке, ұстаздарға сыйлық не үшін керек? Олар ақша тауып жатқан жоқ қой? Мектепті

20 -30-40 жыл бұрын бітіргендер болса онда қарсы емеспіз. Өз алтын ұясына өзі өз болғанда қол ұшын созса….

Алайда , мектептердің материалдық базасы қанағаттанарлық жағдайда, тіпті жақсы десек те болады. Мемлекет онсыз да қамқорлығына алып отыр емес пе?

Мектеп бітіру кешін емтихандар аяқталған соң аттестатпен бірге салтанатты түрде мерекелік кеш ұйымдастыра отырып табыс еткен дұрыс болар!?.

Ол үшін ақша жинаудың, сыйлық берудің, не қажеті бар? Ал сол күні де балалар тойханаларда тойламай ақ,

Өз мектеп қабырғасында балалық шағының қызықты сәттерін еске алып, ұстаздарымен бірге өткізсе…

Ол да үлкен тәрбие емес пе? Тойханаларда тойлау алдарында емес пе? Сіз не дер едіңіз?”, - делінген басқарма басшысының жазбасында.

Бұл жазбаға жеді қолданушылар тарапынан түрлі пікір жазылуда.