Шымкентте соңғы тәулікте 9 адамнан коронавирус анықталды

0
709

Науқастарда ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.


Шымкентте соңғы тәулікте 9 адамнан коронавирус анықталды

2020 жылғы 1 желтоқсан күні қалада коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырғандар – 2000, 2008, 2009, 1990, 1962, 1988, 1991, 1965 және 1987 жылғы қала тұрғындары. Науқастарда ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Айта кетейік, соңғы тәулікте вирус жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Сондықтан медицина мамандары босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.
Жалпы, 02.12.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 5376 жағдай тіркелген.