Шымкентте су басу жағдайларына дайындық аясында оқу-жаттығулар жүргізіледі

0
100


Шымкентте су басу жағдайларына дайындық аясында оқу-жаттығулар жүргізіледі

Шымкент қаласында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қызу жүргізілуде. 6-7 ақпан күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының барысы туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.

Аталған шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге жауапты қызметтердің әзірлігін тексеруге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығудың алғашқы күні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қалалық жедел штаб құрылса, келесі күні Текесу елді мекенінде штаб жұмысы ұйымдастырылады. Жаттығу барысында су басу қаупі бар аумақтардағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстардың орындалу барысы тексеріледі.
Құтқару қызметтерінің күштері мен техникалары сақадай сай. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу барысында 9 практикалық іс-шара өткізу көзделген.
«Көктем-2025» оқу-жаттығуы – табиғи апаттардың алдын алу және азаматтық қорғау қызметтерінің үйлесімді жұмысын жетілдіру үшін маңызды шара. Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлісу