Шымкентте су қоймаларына мониторинг жүргізілуде

0
2 540

Қазіргі таңда, Сайрам-су өзендері мен Бадам, Тоғыс, Ақжар, Текесу су қоймаларында су деңгейі бір қалыпты.


Шымкентте су қоймаларына мониторинг жүргізілуде

Шымкент қаласында жауын-шашынның салдарынан лай көшкіні мен су тасқынының алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала аумағындағы су қоймалардың, өзендердің су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізіліп, Түркістан облысының ТЖ департаментінен тұрақты түрде таулы аймақтардағы қар қоры жөнінде мәлімет алынып отыр.

Сонымен қатар, 100 адамнан құралған мобильді топ пен 30 мотопомпа және қажет болған жағдайда жедел түрде бөгет салу үшін құм толтырылған 580 қап әзірленді.

Қазіргі таңда, Сайрам-су өзендері мен Бадам, Тоғыс, Ақжар, Текесу су қоймаларында су деңгейі бір қалыпты.

Айта кетсек, таяуда қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов Бадам, Тоғыс, Текесу және Ақжар су қоймалары мен және басуға бейім жерлерге аэровизуалды бақылау жүргізген болатын.