Шымкентте су тасқынның алдын алатын жоба қолға алынды

0
2 574

Бұл датчиктер Бадам, Тоғыс су қоймаларында және Бадам өзеніне орнатылды


Шымкентте су тасқынның алдын алатын жоба қолға алынды

Қала аумағындағы су қоймаларына мониторинг жасайтын ультрадыбыстық сәуле таратқыш пен LoRaWAN радимодем датчигі орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл жоба Республикада алғаш рет Шымкент қаласында жүзеге асып отыр. Арнайы құрылғы ультрадыбыстық толқындардың көмегімен су түбінен бетіне дейінгі әр миллиметрді дәлдікпен анықтайды.

Арнайы құрылғы тасқын қауіпінің алдын алуға, күнделікті су деңгейін анықтауға және болжам жасауға мүмкіндік береді

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департамент басшысының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев мәлімдеді.

Су қоймаларына арнайы құрылғы орнату жұмысы «Цифрландыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған» Жол картасы негізінде қолға алынды. Бұл датчиктер Бадам, Тоғыс су қоймаларында және Бадам өзеніне орнатылды, -деді Жәнібек Тұрлыбекұлы.

Қазіргі таңда Шымкентте тасқын жағдайы бір қалыпты. Қала аумағындағы су қоймаларында толу деңгейі 15-42% жеткен. Төтетнше жағдай орын алған жағдайда артық суды қабылдауға жеткілікті қор қарастырылған.

Су тасқынының алдын алу үшін шаһарда ТЖ және полиция департаменті, Ұлттық ұлан мен коммуналдық мекмелерден 700-ге жуық адам, 48 техника, 41 мотопомпа және 17 жүзу құралы, 19 бірлік мотор сорғысы әзірленген.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға 129 эвакуациялық пункттері дайындалған.