​Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

0
52

Қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды.


​Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды

«Саптағы заңдылық» іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері және полицияның жеке құрамы қатысты.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Жиын соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, жеке құрам адал қызмет етуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырылды.
Бөлісу