Жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгін Шымкент қаласында "Парасаттылық алаңы – 2019" атты жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде өткен жас ақындар мүшәйрасын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау.
Аталған іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті. Сонымен қатар, мүшәйра қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.