​Шымкентте Tamerlan Residence тұрғын үй кешені салынады

0
1 894

Кешен аумағында 1,4 гектар жерде тұрғын үйдің қазіргі заманғы 7 блок және екі деңгейлі жер асты автотұрағы салынады.


​Шымкентте Tamerlan Residence тұрғын үй кешені салынады

Шымкент қаласында елімізге әйгілі отандық BI Group компаниясы «Tamerlan Residence» тұрғынүй кешенін тұрғызады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа тұрғын үй кешені әкімшілік-іскерлік орталығында С.Бәйтереков көшесінде орналасады. Аталған тұрғын үй кешенінің жоба макетімен танысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымкенттің көркеюіне үлес қосып отырған «BI Group» құрылыс компаниясына алғысын жеткізді.

BI Group стандарты бойынша салынатын тұрғын үйде 1,2,3 және 4 пәтерлі жалпы саны 349 пәтер болады. Кешен аумағында 1,4 гектар жерде тұрғын үйдің қазіргі заманғы 7 блок және екі деңгейлі жер асты автотұрағы салынады.
Тұрғын үй кешенінде болашақ тұрғындардың жайлылығы үшін барынша жағдай жасалынбақ.

Мұндағы тұрғындарға шетелде жасалған жүк және жолаушыларға арналған дыбыссыз лифтілер үздіксіз қызмет етеді. Сонымен қатар, жобада «Балалар орталығы» қарастырылған. Тұрғындар үшін маңыздысы – ауладағы қауіпсіздік, сондықтан кешен аумағын бейнебақылау мен күзет қызметі бақылайтын болады.

Айта кету керек, биыл қалада мемлекеттік және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 578,2 мың шаршы метр болатын көпқабатты 132 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал оның ішінде жыл соңында 285,8 мың шаршы метр болатын 77 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі