Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды.
Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды. Конференцияда «Қуатбеков оқуларының» алғашқы басылымы да таныстырылды. Оқу үрдісіндегі ІТ-технология, баламалы энергия, әлеуметтік гуманитарлық мәселелер тақырыбын арқау еткен жиынға жалпы саны 342 мақала келіп түскен.
Халықаралық деңгейдегі жиында аталған университеттің химия ғылымдарының кандидаты, профессор Жамалладин Махмудов “Тұқымдарды дезинфекциялау және пестицидтік препараттарды алу технологияларын жасау” тақырыбында баяндама жасады. Бұл бойынша дайындаған жобасын түсіндіріп, қазіргі уақытта осы жобамен Израиль, БАӘ, Ресей, Польша елдерімен екіжақты келісімдер жүргізіліп жатқандығын айтты.
- Республикамыз бойынша топырақ құнарлылығын зерттеп, тек оны зерттеп қоймай, оның құнарын көтеруге мүмкіндігіміз бар. Соған енді біз жобаларды дайындап жатырмыз. Егер Үкімет тарапынан қолдау болса біз дайынбыз. Әлем елдерінде біз Ресей Федерациясы мен Өзбекстан, Түрікменстан, өз республикамызда, Франция мемлекетімен, Израильмен, Малайзия, БАӘ жұмыс істеп жатырмыз, - деді химия және биология кафедрасының профессоры Жамалладин Махмудов.