Мегаполисте отандық өнімдердердің саны артуда.
Шымкентте былғары және қолтырауын терілерінен аяқ киім шығаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
“Қазақстанда жасалған” деген таңбамен шығарылатын аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалған.
«Заря» сауда белгісіндегі шағын өндіріс орынында ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық аяқ киімдердің қазіргі заманға лайық 180 түрін ұсынып отыр.
Цех иесі шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі қаракөл зауытынан және Алматы мен Семей қалаларынан алады.
Ал, «Заря» өнімдері Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Алматы қаласындағы сауда нүтелерімен қатар Ресей еліне де шығарылып келеді.