Конкурсқа қатысуға 519 өтініш келіп түскен
«Таза қала» конкурсының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай мен өңірлік Азаматтық Альянстың жетекшісі Шәріпбек Жамалбек қатысып, «Таза қала» акциясының жеңімпаздарына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, конкурсқа биыл 519 өтініш түскен.
Сонымен, «Үздік аула» аталымы бойынша жеңімпаздар:
Абай ауданында - 1 мамыр көшесіндегі №5 «А» үй (төрайымы - З.Чуганова), Әл-Фараби ауданында – Рашидов көшесіндегі №108 үй (төрайымы - М.Пернебаева), Еңбекші ауданында – 18-шағынаудандағы №№62, 64 үйлер (Қ.Байтықова), ал Қаратау ауданында - Нұрсәт шағынаудандағы №№236, 237, 238 үйлер (Б.Қозыбақова).
«Үздік көше» аталымында жеңіске жеткендер: Абай ауданы – «Жайлау» тұрғын алабындағы С.Ахметов көшесі (П.Ордабеков), Әл-Фараби ауданы – Шағын Самал шағынауданындағы Тоғызбаев көшесі (А.Әлімбетов), Еңбекші ауданында – Түркістан көшесі (Р.Қасымов), Қаратау ауданы - Орманшы тұрғын алабындағы Ә.Ысқақов көшесі (А.Ысқақов).
Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі