Рейд барысында 12 үй және кәсіп иесі анықталып, оларға ауызша ескерту берілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тазалық жұмыстарын қадағалау бойынша рейд жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Кезекті тексеру жұмыстары аудандағы Қазиев, Дулати, Қазыбек би, Еркіндік, Мырзабеков көшелерінде жүргізілді. Тексеру барысында аудан әкімдігінің жауапты мамандары бекітілген экологиялық полицейлермен бірлесе құрылыс қалдықтарын көшеге шығарған 12 үй және кәсіп иесін анықтап, оларға ауызша ескерту берді.
Мұндай заңбұзушылық қайталанған жағдайда азаматтарға ҚР 505 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатыны ескертілді. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді.