​Шымкентте «Текемет-fest» этнофестивалі басталды

0
1 224

Фестивальге Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысының Сауран, Арыс ауданы және Өзбекстан, Қырғызстан елінен қолөнер шеберлері қатысуда.


​Шымкентте «Текемет-fest» этнофестивалі басталды

Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Текемет-fest»этнофестивалі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік қолөнер шеберлерінің фестиваліне Шымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысының Сауран, Арыс ауданы және Өзбекстан, Қырғызстан елінен қолөнер шеберлері қатысуда.

Ұлттық қолөнер бұйымдарының ішіндегі ең көнесі – текемет. Негізгі мақсат – ұмыт болып жатқан дүниені қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау. Шарада шеберлер текеметтің шығу тарихын, түрлерін айтып, жасалу жолдарын келушілермен бірге жасайтын болады деді, -қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, архивтер басқармасының бөлім басшысы Динара Серікқызы.

Фестивальде қойдың жүнін қырқудан бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетініняғни, жүн сабау, түту, бояу, тарау, шабақтау, шүйкелеу, түр салу, текеметті басуды көрсетті.

–Текеметті төсеген кезде жылы болады, аяқтан сыз өтпейді. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз көшіп-қонғандакиіз үй тіккен, текеметті төсеген. Жүнне жасалған бұйымдар жиі қолданыста болған. Дәстүрді жаңғыртып, жастарға текемет басудың қыр-сырын үйретіп отыруымыз қажет, - деді Өзбекстанның келген шебер Есенгүл Мырзаева.

Он саусағынан өнері тамған шеберлер басқан ою-өрнекті текеметтер көздің жауын алады.

Біз Қырғыз елінің текеметін алып келдік. Төсенішті жасауда бауырлас елдерде қатты айырмашылық жоқ. Бүгін келушілерге қырғыз елінің текеметінің қалай жасалатынын көрсетеміз, - дейді қырғызстандық қолөнер шебері Сұлтанәли Апжаппар.

«Текемет-fest»-тетүрлі ұлттық нақыштағы кәдесый, төрт-түліктен өндірілетін өнімдерден жасалған бұйымдардың көне үлгілері, бүгінгі заманауи өнімдерден құрылған көрме жасақталды.

Айта кетейік, фестиваль ертең де жалғасады.