Шымкентте триатлоннан Азия кубогі өтіп жатыр

0
1 154

Азия кубогіне бүгінде 130-ға жуық кәсіби спортшылар қатысып, өз бақтарын сынауда.


Шымкентте триатлоннан Азия кубогі өтіп жатыр

Бүгін Шымкент қаласында алғаш рет «Жайлаукөл» саябағында триатлоннан «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» атты Азия кубогінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Азия кубогінің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, келген спортшыларға сәттілік тіледі.
Бұл Құрамына 35 ел кіретін Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup Азиялық Триатлон Конфедерациясының бастамасымен ұйымдастырылған кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан өтіп жатқан құрлықтық турнир.

Аталған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, Франция, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан жалпы 34 ер, 11 әйел атлет қатысуда.

Аталмыш турнирге Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдау көрсетті.

Жарыс ережесі бойынша «Стандарт» қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралатын болады.

1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру.
Азия кубогіне бүгінде 130-ға жуық кәсіби спортшылар қатысып, өз бақтарын сынауда.