Шымкентте тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді

0
775

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалған.


Шымкентте тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді

Шымкент қаласында «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде 500 азаматқа тұрғын үй сертификаты беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева брифинг барысында мәлімдеді.
Ал, тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.
Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 миллион теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа 100 миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген. 2021 жылы 416 отбасыға 370 миллион теңгеге берілсе, 2022 жылы 500 азаматқа 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек қарастырылған.
Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2022 жылдың 13 шілдесінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы автоматтандырылған және электронды түрде жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда сертификатқа 39 өтінім қабылданып қаралуда.
Оның ішінде 5 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылып алынған. 12 өтінім - 8 265 378 теңгеге тұрғын үй сертификаттары мақұлданды. 22 өтінім қағида талаптарына сай келмеуіне байланысты, мақұлданудан бас тартылды.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022 жылға - 37 389 теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы (115 905 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).
Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:
- мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- толық емес отбасылар.
- Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.
Құжат тапсырылатын орын:
Өтініш кezekte.kz. интернет ресурсы арқылы қабылданады.
Ол үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.