​ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

0
61

4 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды.


​ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Көксай шағынауданында өткен кезекті пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Көксай аумағын жаңғырту жұмыстары аясында 4 отбасы жаңа баспаналы болды.

Бағдарлама басталғалы бері 122 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи әрі жайлы пәтерлер берілген. Барлық баспаналар толық әрленген және бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына сәйкес келеді.
Бұл жолы Нұрлыбаев көшесіндегі №8 үйде тұрған 4 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды.
Қала әкімі тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру қаланы дамытудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Қалған тұрғындар да құжаттары толық рәсімделгеннен кейін кезең-кезеңімен жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі. Пәтер кілттерін табыстау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Бөлісу