Яғни оқи алмайтын зағип жандар кітаптың толық нұсқасын аудио жазбалар арқылы тыңдайтын болады.
Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Мейірімді жүрек» тақырыбы аясында зағип жандарға арнап аудио кітаптар жазу ісін қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Яғни оқи алмайтын зағип жандар кітаптың толық нұсқасын аудио жазбалар арқылы тыңдайтын болады.
Аталған шараның мақсаты - зағип жандарға қолдау көрсету және де кітапхана жұмыстарын жан-жақты таныту арқылы өзге де көзі көрмитін және нашар көретін жандарды рухани ортаға тарту және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
1969 жылы қабырғасы қаланған арнайы кітапхана – 1980 жылы келушілерге ыңғайлы болу үшін тұрғын үйдің бірінші қабатына көшірілген. Жалпы кітап қоры - 142 296, оның ішінде - 73% арнайы әдебиеттер құрайды. Мұнда брайль әліпбиінен бастап түрлі тифлоқұралдар, оқу және жазу машинкалары, грифельдер, приборлар, аудиоплеерлер мен брайль қағаздары және де брайль қарпіндегі кітаптар қоры сақталған.
Бұл бағытта қазақ шрифтінің көрнекті авторы Ақан Қасымовтың еңбегі орасан. Ақан Қасымов - инклюзивті білім беруді дамытуға және зағиптар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге оның жұмысы Қазақстандағы мыңдаған зағип студенттерге білім алуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында модернизациядан кейін зағиптар кітапханасының оқырмандар саны 33%-ға артты. Модернизация кітапсүйер қауымға мол мүмкіндік сыйлады десек болады. Конференция залында түрлі форматтағы көлемді іс шаралар ұйымдастырылса, қазақша нүктелі-бедерлі шрифт авторы Ақан Қасымов атындағы және тұңғыш бедерлі шрифт авторы Л.Брайль атындағы зал зағип жандардың кітап оқуына бейімделген. Көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандар қажеттіліктеріне қарай, өздеріне ұнаған қызықты тарихи, психологиялық, мотивациялық, әдеби кітаптары жиі сұраныста. Кітаптарды SARA, Oрtelec деп аталатын арнайы зағиптарға арналған оқу машинкаларымен оқиды. Сонымен қатар, бүкіл дүние жүзіндегі зағип азаматтар қолданатын Брайльша бедерлі нүктелі кітаптарды оқып және де дыбыстылған аудио форматтағы кітаптарды тыңдай алады.