Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде

0
421

Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда.


 Шымкентте заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беруде

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Әділханов Бексұлтан Ержанұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың І жартыжылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

Спикердің сөзінше, биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы осы жылдың соңына дейін ашылады.

Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық.
Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»).
Сонымен қатар маусым айында Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталған. Әлемге әйгілі «Hilton» қонақ үйі «Шымкент Сити» шағынауданында бой көтеріп, 2026 жылы ашу жоспарлануда. Жалпы қонақ үйде 167 бөлме, 1-ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц – залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Сонымен қатар, басқарма басшысы 2024 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылғанын да атап өтті. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше.
Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрген.
Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда.
Жалпы қаралым саны 1,5 млн. құраған. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау екендігі белгілі. Осы орайда, биыл 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылған.

Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер видео бейнематериал түсіріп, пост жариялаған.

Бөлісу