Шымкентте заңды тұлғаларға тұрмыстық қалдықты шығару талаптары түсіндірілуде

0
99


Шымкентте заңды тұлғаларға тұрмыстық қалдықты шығару талаптары түсіндірілуде

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында заңды тұлғаларға тұрмыстық қатты қалдықты шығару талаптары түсіндірілуде.

Ақпараттық-насихат жұмысына аудан әкімдігінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және полиция басқармаларының қызметкерлері қатысып, аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Мұндағы мақсат – заңды тұлғалардың тұрмыстық қатты қалдықты шығарумен айналысатын арнайы ұйымдармен міндетті түрде шарт жасасуына, көрсетілген қызмет үшін төлемді бекітілген тарифке сәйкес төлеуіне ықпал жасау.
Сонымен қатар, нысанның айналасындағы санитарлық тазалық нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де ерекше назар аударылып, заң талаптары түсіндірілді.
Бөлісу