Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарына жол берілмейді

0
2 482

Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды.


Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарына жол берілмейді

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі №12 мекенжайда орналасқан қойма нысандары толығымен бұзылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Меншік иесі қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiн сақтамаған. Онымен қоса құрылысқа техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей, белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпеген. ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес құрылыс нысаны құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған.
Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға - құқығы жоқ.
Осы орайда, қала тұрғындарын құрылыс - монтаж жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырамыз.